Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі бойынша, Қазақстан әлемде әйелдер мен ерлердің денсаулық сақтау, білім алу және еңбек нарығындағы теңдігі рейтингісінде 43-орында тұр. Тізімде барлығы 142 ел бар.
Ұйымның жыл сайынғы есебі бойынша, тізімнің ең соңында тұрған Йемендегі әйелдердің жағдайы ең ауыр деңгейде. 141-орында Пәкістан тұр. Ресей 75-орынды иеленген.
Рейтингке жеткілікті мәліметтердің жоқтығына байланысты Ауғанстан, Ирак, Босния мен Герцеговина, Косово, Түркіменстан мен Өзбекстан кірмей қалған. Гендерлік теңдік ең жақсы сақталған елдер қатарында Исландия, Финляндия, Норвегия, Швеция мен Дания тұр. АҚШ рейтингте 20-орынға іліккен.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26663653