АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді

АСТАНА. 7 сәуір. Baq.kz — Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді. 2013 жылғы мәліметтер бойынша экспорттың ең мол көлемі Италияға — 27, Қытайға- 17, Нидерландыға — 13, Францияға — 9, Австрияға 7 пайыз жіберілді», — деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, өткен жылы мұнай тасымалдау КТК бойынша 28,7 млн. тоннаны, Атырау-Самара бағытында 15,4 млн. тоннаны, Атасу-Алашаңқай бағытында 11,8 млн. тоннаны құрады, Ақтау порты арқылы 6,3 млн.тонна мұнай тасымалданды. Орынбор газ өндіру зауытына 856 мың тонна газ конденсаты жонелтілді. Тағы 9 млн. тонна темір жолмен жіберілді.
«Өткен жылғы маңызды оқиғалардың бірі Атасу-Алашаңқай бағытын жиырма млн. тоннаға дейін кеңейту болды. Ол учаскенің экспорттық қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді», — деді Ұ.Қарабалин.

http://baq.kz/kk/news/45488