Астана. 20 шілде. Baq kz — Қазақстан бала өлімін азайту жағынан БҰҰ-ның Мыңжылдыққа жоспарлаған мақсатына қол жеткізіп отыр. Бұл жайында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің орынбасары Радослав Жеках мәлімдеді.
«Біз Қазақстанды бала өлімін қысқарту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдыққа жоспарлаған мақсатқа қол жеткізгендігімен құттықтаймыз. 1990 жылдан бері елде сәби өлімі үш есеге дейін қысқарған, яғни өлім-жітім мың балаға шаққанда бұрын 54 болса, қазір 18,7-ге азайған. Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік. Сіздің ел алға қойған межеге мұндай қарқынмен жетудің жолдарын әлемдегі өзге де мемлекеттерге үйретеді деген сенімдемін. Менің ойымша, қол жеткізген нәтижелер — реформалардың дамуындағы келесі прогрессивті серпілістің басы.