Астана. 14 сәуір. Baq.kz – Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифаның қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр.
«Сіздің тұңғыш рет Астанаға келуіңізге орай, қадамыңызға нұр жаусын дегіміз келеді. Біз екі ел арасындағы қарым -қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін жұмыс істейміз. Өзіңізбен бірге кең ауқымды делегация алып келдіңіз, ол Сіздің Қазақстанға деген үлген сеніміңіз бар екенін көрседі. Жаңа ғана болған бетпе-бет кездесуде бірқатар өзекті мәселелерді талқыладық. Қазақстан Бахрейнді өзінің араб елдері өңірінде маңызды әріптестерінің бірі деп санайды»,- деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Елбасы екі елдің де Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан екенін атап өтті.
«Мемлекеттеріміздің экономикалық әлеуетін халықаралық аренада беделді болуына жұмыс істемейміз деп сенемін»,- деді Н. Назарбаев.
http://baq.kz/kk/news/45792