Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті.
Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды – батыс мәдениетінің және батыстық жүйе құндылықтарының теріс ықпалы.
«Менің сайлауға қатысуыма басты себеп, мені үнемі мазалайтын батыстық құндылықтар мен батыстық көзқарастардың кең таралуы», — деді кандидат.
Өз сөзінде Т.Сыздықов, Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары туралы айтты.
Коммунистердің кандидатының сайлауалды тұғырнамасында, «марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады.
Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр».
«Марксизмнің күші мен өміршеңдігі әркімге аян, оның маңызды қағидаттарын жоғалту тарихи даму барысында кері әсерін береді.
Марксизм-ленинизм теориясының әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймағандығына және бүгінгі күн тәртібінде қолдануға болатындығына Т.Сыздықов сенімді. 19 ғасырдағы ұлы оқымыстылар мен ойшылдар негізін қалаған бұл ілім, қазіргі күнге дейін барлық сұрақтарға жауап беріп, оның басты бағыттары социалистер тарапынан өмірдің керегінше дамытылуда.
Шетелдік құндылықтар жүйесі қоғамның технологиялық және индустриялдық дамуында бастапқы белгілер жүйесін жоғалтып қарама-қайшылықтар жағдайына енуде.
Батыстың жаһандық дәуіріндегі постиндустриялдық даму кезеңіндегі экономика мен қаржы салаларын дендеген тарансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына, байлар және кедейлер болып бөлінуіне алып келді.
Шектен шыққан демографиялық үдерістер, босқындардың қалың толқыны гуманитарлық апатқа ұшыратуы мүмкін», — делінген кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Өзінің сайлауалды тұғырнамасында әлемде кең таралған батыстық стандарттардың теріс ықпалына алаңдаушылық білдірді.
Жаһандану заманында батыстық құндылықтар жүйесі вирус секілді кең таралуда.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда.
Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі.
Мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моралдық жауапсыздық.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172) 78-47-96
+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58
Синхрон (Екібастұз)
Т.Сыздықов:Бүгін Екібастұз қаласындағы «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесіп өзімнің сайлауалды тұғырнамамның басты бағыттарымен таныстырдым.
Марксизмнің күші мен өміршеңдігі әркімге аян, оның маңызды қағидаттарынан айырылып қалу тарихи даму барысында кері әсерін береді.
Марксизм-ленинизм теориясының әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймағандығына және бүгінгі күн тәртібінде қолдануға болатындығына Т.Сыздықов сенімді. 19 ғасырдағы ұлы оқымыстылар мен ойшылдар негізін қалаған бұл ілім, қазіргі күнге дейін барлық сұрақтарға жауап беріп, оның басты бағыттары социалистер тарапынан өмірдің керегінше дамытылуда.
Шетелдік құндылықтар жүйесі қоғамның технологиялық және индустриялдық дамуында бастапқы белгілер жүйесін жоғалтып қарама-қайшылықтар жағдайына енуде.
Батыстың жаһандық дәуіріндегі постиндустриялдық даму кезеңіндегі экономика мен қаржы салаларын дендеген тарансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына, байлар және кедейлер болып бөлінуіне алып келді.
Екібастұз қ. сайлауалды штабтың жетекшісі Г.Абзал.
«Біздің штабтың жұмыс жоспары белгіленіп, сайлаушылармен жұмыс соған сәйкес қызу жүргізіліп жатыр. Сайлауалды насихат барысында сенімді тұлғалардың аудан орталықтарына сапарлары жоспарланған. Сонымен қатар, сайлауалды насихатта партия БАҚ-пен тығыз қатынас орнатты.
Әлеуметтік желілерде жұмыс жасау әдістерін үйренудеміз, партияның сайты үшін қажетті материалдар даярлануда».