АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан мен Ресей АЭС жайлы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Ресей үкіметтері Атырауда атом электр станциясын салу және оны пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол қою екі ел президенттері қатысатын аймақаралық форумы аясында өтті. Келісімге Қазақстан жағынан энергетика министрі Владимир Школьник, ал Ресей жағынан «Росатом» компаниясының басшысы Сергей Кириенко қол қойды.

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) нақты қай жерге салынатыны әзірге белгісіз.

Мамыр айының соңында «Қазатомпром» мен «Росатом» компаниялары Қазақстандағы Курчатов қаласында бірлесіп АЭС салу туралы келісімге қол қойған еді. Келісім бойынша, Қазақстанда қуаты 300-ден 1200 мегаваттқа дейін жететін АЭС салу жоспарланған. Бірақ кейбір қазақстандық және шетелдік экологтар мұндай мұқтаждық жоқ екенін айтады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140930/330/330.html?id=26613309