Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен Қазақстан халқы Ассамблеясы шын жүректен құттықтайды!
Сіздің сайлаудағы айқын жеңісіңіз, Сіздің жүргізген реформалардың, жалпыхалықтық қолдау тапқанын білдіреді!
Сіздің Мемлекет басшысы лауазымына кірісуіңіз — бұл ақиқат сәті және Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы.
Осы тарихи оқиғаның Қазақстан халқының бірлігі күні – біздің халқымыздың ынтымағы, ел бірлігі мен қоғамдық келісім мейрамы қарсаңында өткізілуінің мағынасы зор.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, барлық Қазақстан азаматтары үшін заманауи мемлекет құруға бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының іске асырылуының, Бес институционалдық реформаның табысты жүзеге асырылуының сенімді кепілі — Сіздің саяси ерік-жігеріңіз екенін жоғары жауапкершілікпен мәлімдейді.
Бұл міндеттер барша халықтың түпкілікті мүдделері мен қалауына сай, оның қолдауына ие.
Барша халықтың жоғары сенім мандатымен бекітілген Сіздің саяси көшбасшылығыңыз, ел дамуының ауқымды мақсаттарына жетудің — «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың берік іргетасы болып табылады.
Сіз, Президент және Елбасы ретінде, баянды болашаққа ұмтылған ел бірлігінің негізі — жалпыұлттық Мәңгілік Ел болу идеясын алға тартып, іргелі дүниетанымдық көзқарас қалыптастырдыңыз.
Сіздің саясатыңыздың ажырамас бөлігі мен негізгі қағидаттары — экономикалық жетістіктер, халықтың әл-ауқатының артуы, тұрақтылықты біздің миллиондаған отандастарымыз қолдайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, Сіздің дана да көреген мемлекеттік қайраткер ретіндегі жоғары халықаралық беделіңіз, жаңа кезеңде және одан кейін де, табысты сыртқы саясатты қамтамасыз ететініне, біздің еліміздің және халқымыздың қауіпсіздігінің сенімді кепілі болатынына толық сенеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚХА жылының, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «20 ізгі іс» республикалық акцияларының жалғасуы, миллиондаған азаматтардың азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға қатысуы — халқымыздың Елбасын қолдау, бірігу мен шоғырлануының жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының экономикалық және әлеуметтік дамуда жаңа белестерге жетуге әзірлігінің айқын дәлелі болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы болашақ алдындағы зор жауапкершілікті сезіне отырып, халық пен елдің биік мүдделерін ескере отырып, өзінің азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында, Қазақстанның барша халқын көркейген және гүлденген Қазақстан құру жолындағы барлық алға қойған мақсаттарға жету жолында өздерінің жеке үлесін қосуға шақырады!
Ассамблея Қазақстанның барлық халқын Ұлт жоспарын — «Мемлекет құру ісіндегі ендігі 100 нақты қадамды» іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға үндейді, себебі, бұл — біздің халқымызды біріктіретін ортақ іс.
Елбасымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге – Қазақстан, тек алға!
Астана қаласы
29 сәуір 2015 жыл