Астана. 21 сәуір. Baq.kz — «Анталия — Алматы», «Анталия – Астана» және «Анталия – Қарағанды» бағыттары бойынша екі жақтан да шығатын 16 рейс ашылады деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Бұл келісімге өткен аптада Қазақстан мен Түркияның авиациялық биліктері қол жеткізді. Түркия жағының ұсыныстарын зерттей келіп, Қазақстан – Түркия бағытындағы туристік тасымалдау рыногының мониторингі нәтижесі бойынша ҚР Азаматтық авиация комитеті осындай шешім қабылдады. Аталған мониторингті Көлік және коммуникация министрлігі қазақстандық туроператорлармен, ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен, Қазақстанның туристік ассоциациясы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар минситрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп өткізген болатын.
ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметотің айтуынша: «Біз түркиялық әріптестерімізбен бірнеше рет екі ел арасындағы ұшулар мүмкіндігін әлденеше рет талқылаған болатынбыз. Біздің азаматтарымыздың арасында аталған бағыттардың жоғары сұранысқа ие екендігін ескере отырып, 2014 жылғы жазғы кезеңіне толықтай аптасына қосымша 16 рейс ашу туралы шешім қабылданды. Басты шарт – рейстердің тұрақты болуы. Бұл аталған рейстер бекітілген кесте бойынша орындалатынын, ал билеттер еркін сатылатындығын білдіреді. Сонымен қоса, Қазақстанда авиакомпаниялардың ұшуларды қамтамасыз ететін, жолаушылар алдында тікелей жауапты өкілдіктері бар екендігін атап өткен абзал».
http://baq.kz/kk/news/46128