АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» Қазақстан халқы форумына қатысушылардың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа және халыққа ҮНДЕУІ

скачанные файлы (2)Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» Қазақстан халқы форумына қатысушылар, Ассамблея мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Қазақстанның барлық өңірлерінің делегаттары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Ассамблеяның құрдастары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осы үндеуді қабылдаймыз.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан халқы Сіздің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығыңызды ерекше ықыласпен қабылдады.
Біз, Халықтық Ассамблеяның кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасын қолдағаныңыз үшін Сізге зор алғысымызды білдіреміз.
Біз, бұл тағдырлы шешімнің қабылдануы уақыттың талабы деп білеміз.
25 ақпанда жарияланған Қазақстан халқына Үндеуіңізде Сіз осы маңызды қадамның қажеттілігі мен заңдылығын нақты негіздеп бердіңіз. Біздің бәрімізге қоғамның тұрақтылығы мен бірлігі, ертеңгі күнге деген нық сенім, жұмыс орындары мен әлеуметтік кепілдіктердің, жалақы мен шәкіртақының сақталуы қажет. Қазақстан халқы, әрбір азамат өзінің жеке қауіпсіздігіне, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне сенімді болуды қалайды. Біз, ғаламдық саяси қақтығыстар мен дағдарыстар ұшығып тұрғанда, жүргізіліп отырған салмақты ішкі және сыртқы саясатты жалғастыру арқылы ғана, қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап, алға жылжыта алатынымызға сенімдіміз.
Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз өз Жолдауыңызда бізді алдымызда күрделі кезең күтіп тұрғанын ашық айттыңыз.
Бұл, халық түсіністікпен және қолдаумен қабылдаған, нағыз Елбасына лайық, ерлік қадам болды.
Осымен бірге Сіз мемлекет пен қоғамның нақты іс қимыл жоспары – «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынып, біздің ғаламдық дамудың қиындықтарын еңсеруге сенімімізді бекіттіңіз. Бұл үшін Қазақстанда қажетті ресурстар – 2050-Стратегиямыз, қоғамдық келісіміміз бен бірлігіміз бар.
Сіз айтқандай Президент сайлауы – бұл патриоттық акт, елімізді жаңа қарқынмен дамытудың және азаматтардың әл ауқатын арттырудың басты міндеттерін шешу үшін экономиканы тұрақтандырудың, азаматтық жарасым, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың қуатты бастауы.
Сондықтан да, біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні,
Сізді барша қазақстандықтар асыға күтіп отырған келесі қадамды жасауға шақырамыз.
Біз Сізден, президент сайлауына қатысуыңызды сұраймыз!
Бұл қадам Ассамблеяның кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жалпыхалықтық бастамасынан туындайды.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің ел алдындағы абыройыңыз биік. Еліміздің азаматтары Сізге сенім артады.
Сіз ең күрделі кезеңдерде елді басқарудың айрықша тәжірибесінің иесісіз, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан қаншама сынақтардан қайыспай өтті.
Халық шын мәнінде теңдессіз экономикалық жетістіктерімізді, әлеуметтік табыстарымызды, тұрақтылығымызды және ертеңгі күнге деген сенімімізді Сіздің атыңызбен байланыстырады.
Халықаралық қауымдастық Сізді беделді және салиқалы көшбасшы ретінде таниды.
Сіздің бейбіт сыртқы саяси бастамаларыңыз басты халықаралық ұйымдар тарапынан, әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың және миллиондаған қарапайым адамдар тарапынан ғаламдық қолдау тапты.
Сіздің халықаралық беделіңіз біздің еліміздің маңызды сыртқы экономикалық активі, сыртқы қауіпсіздігіміздің кепілі және инвестициялар тарту үшін ынталандыру болып табылады.

Құрметті отандастар!

Бүгін біз, өзіміздің келешек алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, халық пен ел мүддесін ескере отырып, азаматтық және патриоттық парызымызды орындау мақсатында Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан кезектен тыс Президент сайлануында өз кандидатурасын ұсынуын сұраймыз.
20 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктеріне негіз болған дұрыс қадам жасалған болатын. Бүгін де біз, барша халықты болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін, Қазақстан халқының әл-ауқатын артыру мен гүлденуінің бірден-бір дұрыс таңдауы ретінде, біздің үндеуімізді қолдауға шақырамыз!
Астана, 2015 жылғы 28 ақпан