Астана. 20 қараша. Baq.kz — Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының «Нұрлы жол» — болашаққа бастар жол» жолдауын ақпараттық түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған брифингте Біріккен Ұлттар Ұйымы Өнеркәсіптік даму жөніндегі Бизнес, инвестиция және технологиялық сервис департаментінің директоры (ЮНИДО) Мұхаммед Дауи Қазақстан жаһандық әлем елдерінің басты проблемасына айналып отырған жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешіп келеді деді.
— Жаплы, жаһандық дамудағы аса маңызды индикатордың бірі – жұмыссыздық мәселесі болып табылады. Бұл тіпті дамудың даңғыл жолына түсіп, өзге мемлекеттермен салыстырғанда экономикасы көш ілгері кеткен дейтін Еуропа елдерінің бас ауруына айналған десек те болады. Мысалы, Испанияда, Италияда, тіпті Франциядағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші бұл күнде 10 пайыздан асады. Кей деректерге сүйенсек, ол 15 пайызды құрайды. ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 25 пайыздан асатын көрінеді. Бұл енді күрделенге жағдайды одан сайын қиындата түсетін ғаламдық мәселеге айналуы мүмкін. Алайда, Қазақстан бұл тұрғыда өте сәтті жобалармен қаруланған десек те болады. Сіздердің елде жұмыссыздық деңгейі 5-6 пайызды құрайды. Мен мұның себебін қазақстандық индустрияландырудың шын мәнінде табысты болғанымен тікелей байланыстырамын. Өйткені, индустрияландыру саясатының алғашқы кезеңі жемісті нәтижелер көрсеткен болатын, — дейді Мұхаммед Дауи.
Айта кетейік, баспасөз мәслихаты Елбасы жолдау аясындағы өнеркәсіптік саясат тақырыбында өрбіген еді. БҰҰ өкілі жаңа экономикалық стратегияға тоқтала келе, құжатта басымдық берілген секторларда инновацияға, технологияға үлкен маңыз беріліп отырғанын атап өтті.
http://baq.kz/kk/news/56493