АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда интернетті қолданушылар саны 62 %-ға жетті

АСТАНА. 19 наурыз. Baq.kz – Қазақстанда интернет қолданушылар ел халқының 62%-на жетті. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді.

 

«Ақпараттық-коммуникациялық құрылым тұрғысынан қарасақ, өткен жылы халыққа барлық байланыс операторлары арқылы телекоммуникациялық қызметтің ауқымды тізбесін ұсындық. Осы орайда интернет желісін пайдаланушылар саны 2013 жылдың 1 қаңтарында 62,8%-ға жетті. Біз 50-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді CDMA технологиясы бойынша жылдамдығы 512кбт/с кең жолақты интернетке қол жеткізу мүмкіндігімен 100% қамтамасыз етеміз. Облыс орталықтары туралы айтсам, олар 4G технологиясын жылдың соңына дейін қолдана алады деп шамалап отырмыз», — деді А.Жұмағалиев.

 
http://www.baq.kz/news/24987