АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда өлім жазасы қажет пе? Бiр күнде – 90 пiкiр

Елімізде өлім жазасына мараторий жарияланғаны белгілі. Алайда қатыгездікпен жасалатын қылмыс азаймай тұр. Осыған байланысты өлім жазасына мараторийді алып тастау мәселесі қайтадан талқыға түсуде. Бұл тақырып «Айқын» газетінің «facebook»-тағы парақшасында тағы бір мәрте көтеріліп, бір күнде 90-ға жуық пікір ортаға салынды. 


Айбек Тұрарұлы: Өлім жазасын енгізуден ештеңе өзгермейді. Қылмыскер өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылғанда тірі өлікке айналады емес пе? Ең ауыр жаза сол…

AiJan Sonya: Бір адамның өмірін қиып, екіншісінің тағдырын тас-талқан еткендердің жер басып жүргенін, адал ақшадан алынған салыққа тамақ жеп, жайбарақат жүргендеріне қарсымын. Кей түрмелердегі жағдай балалар үйіндегі жағдайдан артық. Өткенде ғана бiр сайт «жасөспірімдерге арналған түрмеден» репортаж жасапты, тура курорт. Ішінде отырған кішкентай балалардың қылмыстары неткен ауыр, ұрлықтан бастап зорлық көрсеткендері де бар. Себебі балаға дейін біледі, не істесең де тірі қаласың. Қарның тоқ, қайғың жоқ.

Зафар Оразбаев: Мен сұрақты бір жақты қарауға қарсымын, өлім жазасы керек… Бірақ ол жазаның керексіз адамдарды алып тастау, біреуді жазықсыз жазаға тарту, көзін жою сынды мақсаттарға қолданылуынан қорқамын…
Қозыке Сатыбалдиев: Өлім жазасы керек. Қайта шыққан соң тағы қылмыс жасайды. Көзін бірден құртқан жөн…
Ulan Sh: Егер өлім жазасы билік басындағы ұрылар мен халықтық мүддені сатқан саяси жезөкшелерге қолданса, толықтай қолдаймын!

Исламбек Арыстанбеков: Ортағасырлық Қытай тарихында ең ауыр жаза өлім жазасы емес, асып өлтіру емес, бауыздау емес, қылғындыру емес, тұншықтыру емес, азаптап өлтіру емес, ер адамды отырғызып, үстінен жіпке әйелдің шұлығын, ішкиімін іліп қойып жұртқа көрсету ең ауыр жаза болып есептелген. Бұдан кейін осы адамды ешкім адам деп санамаған, бүкіл жеті атасын да, туысын да қарғыс атқан.

Бауыржан Қарағызұлы: Қажет! Мектеп жасындағы балаларды, кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап-қорлап өлтіргендерді дүйім халықтың алдында атып тастау керек.

Бақытжан Жүнісбеков: Әрбір адам өзінің қылмыстық істер үшін өлім жазасына тартылатынын біле тұра ондай әрекет жасамауға ойланады және барлық қылмыстардың түрі азаяды!

Қанағат Мұстафин: Керек! Меніңше, педофилдерді дарға асу керек!

Лариса Жұмай: Біз өмір сүріп жатқан қоғамға өлім жазасы қажет деп ойлаймын! Өйткені адам өлтіру көбейіп кетті, оның ішінде айуандықпен өлтіру.Үлкендерді былай тұрсын, сәбилерді өлтіріп, оларды қорлап өлтірген қылмыскерлерге өлім жазасын қолданбағанда, басқа не істейміз…Өмір бойы бас бостандығынан айыру құр сөз ғана, бүгін өлтіріп, ертеңгі күні көз алдында тайраңдап жүреді, яғни қалтасы қалың адамдар, орнына басқа жазықсыз адам жазасын өтеп береді. Тағы бір мәселе, қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетуі, екінші адамды қылмысқа итермелейді. Мүмкін өлім жазасын заңға енгізсе, қылмыс жасау кішкене болса да азаятын шығар. Менің ойым өлім жазасын қолданып, қылмыскерді өлтірсін деген сөз емес, мүмкін қылмысқа шектеу қойыла ма деген ой ғана.

Askhat Sagynayev: Арсыздар жазасын алуы керек!

Жанат Нұржанова: Қыз зорлайтындарға өлім жазасы керек.

Гаухар Батырханова: Керек! Кәмелетке толмаған балаларды зорлағандарға, анасына қол жұмсап қорлағандарға, сатқындық жасаған мемлекеттік қызметкерлерге өлім жазасын қолдану керек.

Гүлмира Қасымова: Өлім жазасы бiзге қажет емес деп олаймын.

Балқыбек Жұмаділов: Қазақстанға қатысты бір нәрсе деу қиын. Қазақстанда нағыз қылмыскер түрмеде отырады дегенге кім сенеді?

Заира Сәбитова: Педофил мен некрофилдерді, маньяктарды өлім жазасына кессе, қолдаймын! Осыдан 3-4 жыл бұрын астаналық кәсіпкердің үш (әлде төртеу ме) бірдей шиеттей баласын анасымен қырып кеткен қанішер туралы сюжетті көргенде, өлім жазасы неге бірден орындалмайды деп ойлағанмын.

Бауыржан Құрманбек: Керек сияқты!

Мұрат Балабай: Кезінде Астанада бір отбасыны жоқ қылған Евлоевқа ату жазасын тағайындау керек еді.

Марина Саниязова: Өлім жазасы тарихта қолданылған, ал қазір де қажет.

Akzhol Boranbay: Өмір бойы түрмеде отырғаннан гөрі, өлімге тартылу әлдеқайда жұмсақ сияқты.
Берік Ағыбаев: Елін, жерін, Отанын сатқандар халықтың алдында кешірім сұрап, жазалануы керек деп ойлаймын. Осындай қылмысқа барғандарға өлім жазасының өзі аздық ететін шығар.

Ернар Сауытбеков: Алдымен соттардын әділдігі мен білімділігін арттырып, содан соң өлім жазасын талқылау керек.

Eldar Kaba: Ондай шешімге мен қарсымын. Өйткені олардың ішінде жазықсыз адамдар да бар.

 

http://www.aikyn.kz