АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда православие әулиесінің 700 жылдығын тойлады

8 қазан күні Алматы облысындағы Іле ауданының Түймебаев ауылындағы бұрынғы Софроний әкейдің жетім-жесірлерді паналату орнында, орыс православие шіркеуінің әулиесі Сергий Радонежскийдің 700 жылдығын атап өтті. Қазір бұл орын «Солнышко» балалар үйі деп аталады. Мекеменің әулие аты қойылған ғибадатханасында Радонежскийдің тәбәрік заттары әкелінгесін Қаскелең мен Алматы облысының епископы арнайы рәсім жасады.

Осы мекеме территориясындағы Қарттар үйінде діндарлар мен діни қызметкерлер ас ішті. Қонақтардың арасында жергілікті билік пен Ресей елшілігінің де өкілдері болды.

«Солнышко» балалар үйінде әулие Сергий Радонежскийдің өмірі туралы спектакль қойылды.

Бұл паналау орнындағы Қарттар үйінде 80 қария, ал балалар үйінде 70 бала қарауға алынған. Сергий Радонежский 14-ғасырда өмір сүрген, Мәскеу түбіндегі Троицк монастырінің іргесін қалаушы. Орыс православие шіркеуі оны әулие деп таниды.

08 қазан 2014

http://www.azattyq.org/archive/news/20141008/330/330.html