АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстанда соңғы бес айда 20 компания банкрот болған

shutterstock_82784341Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің банкроттық және оңалту бөлімінің жетекшісі Асхат Мыкитан жыл басынан бері Астана қаласында 5 айдың ішінде 20 компания банкротқа ұшырағандығын мәлімдеді.

«2015 жылдың 5 айының ішінде банкрот болды деп табылған кәсіпорындар саны — 20-ны құрайды. Осы статистикаға сәйкес, жыл сайын банкроттық көлемі азайып келеді деуге болады. Өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда банкроттық көлемі 55 пайызға азайған», – дейді А. Мыкитан. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, Астана қаласы бойынша жылына 100 шақты кәсіпорын банкротқа ұшырайды.

Бұл барлық тіркелген салық төлеушілердің 0,15 пайызын құрайды. «Іс жүзінде банкрот-кәсіпорындардың 90 пайызында мүлік жоқ, есептік құжаттары реттелмеген. Көбіне активтері шығарылған, қайтару мерзімдері өтіп кеткеніне біраз болған. Құжаттар болмағандықтан анализ жүргізу мүмкін емес», — дейді ол.

Банкрот деп танылғандар саны 2012 жылы 208 компанияны құраса, 2013 жылы — 126-қа азайған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 93 кәсіпорынды құрап отыр. Қазір Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті жалған банкроттықты анықтау шараларын жүргізуді қолға алған.

Еркежан Жұматаева

http://turkystan.kz/