АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда тұрып басқаның туын көтергені басынғаны ғой…

Қазақстанда тұрып басқаның туын көтергені басынғаны ғой...Грузияда қоғамдық орындарда, көшеде өзге елдің туын көтеріп жүргендерге қылмыстық жаза қарастыратын заң жобасын қарастырып жатқанын, сондай заңның бізге де қажет екенідігі жайлы бұған дейін де жазған болатынбыз. Өйткені, кейде өзге ұлт өкілдері мен ұйымдардың қазақ еліне қатысы жоқ туларын көлікке орнату, көшеде алып жүру жағдайлары бой көрсетіп қалып жатады. Олардың бұл әрекеттерінің астарында не бары белгісіз. Бұл ел ішінде алауыздық тудыруды көздейтіндердің іс әрекеті болуы әбден мүмкін.

Құзырлы органдар ескерер деген үмітпен, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған осындай суреттер мен бенежазбаны ұсынып отырмыз.

1-сурет.

abai.kz сайтында жарық көрген «Ұйғыр ауданы: Қазақша ән айтуға құқық жоқ па?» деген мақаладан алынған мына сурет өзге де басылымдарда және әлеуметтік желілерде жарияланған. Суреттегі әйел адам ұстаған ту қай елдің туы? Қазақ еліне қатысы жоқ екені анық. Дүйім халық жиналған жерде мынадай туды көтеру ненің белгісі? Бұл үй ішінен үй тіккісі келгендердің арам пиғылы емес пе?

2 сурет

Ал, NewTimes.kz ақпараттық агенттігінде басылған мына суреттердің Алматы қаласында түсірілгендігі анық көрініп тұр. Беттерін тұмшалаған жас жігіттердің қолындағы ту ресейлік «Новороссия» сепаратистік ұйымынаң туы. Олардың ұраны – орыс жері тек орыстар үшін. Ресейлік сепаратистік ұйымының туын Қазақстанның төрінде желбіретіп жүруге жол беріп қойғанымыз қалай? Деректерге қарағанда, бұл суретті «Славянское Братство Казахстана» Бірлестігі түсірген көрінеді. Сонда қазақстандық бірлестік ресейлік сепаратистермен бірлесіп жүр ме? Олардың мақсаты не?

Кейіннен қазақстандық «Славянское Братство Казахстана» Бірлестігінің жетекшісі қазақ халқынан «намыстарыңызға тисек кешіріңіздер, біздің жаман ойымыз жоқ» деп кешірім сұраған болып ztb.kz басылымына сұхбат беріпті. Құзырлы органдар ондай бірлестіктің жұмыс істеуіне қалай жол беріп отыр?

3-сурет

Мына суретте «славянское общество Алматы НОРД» бірлестігі мүшелерінің бас қосуы бейнеленген. Сарапшылардың айтуынша, бұл бірлестік бұрынғы «Қазақстанның халық-азаттық қозғалысы» ұйымының бір желісі.

Бейресми дерек көзерінің мәліметінше, аталмыш бірлестік өкілдері жиі-жиі бас қосып тұратын көрінеді.

Ал мына бейнежазбада, қазақстандық белгілі cаясаткер, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан үлгі боларлық өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіпті. Ол автокөлігіне өзге елдің туын орнатып алған жүргізушіге бұл әрекетінің жөнсіз екенін ұқтырған.

Бір білеріміз бұндай құбылыстардың жақсылыққа бастамасы анық. Сондықтан, жалпақшешейлікке салмай, ондай әрекетке барғандарды қатаң жазалаға тартуымыз керек.

Автор: Қалдар КӨМЕКБАЕВ


Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/kazakstanda-turyip-baskanyin-tuyin-kotergen-basyinganyi-goy-61798/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі