АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда жанармай арзандады

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы арзандады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, министр Владимир Школьник шығарған бұйрықта мемлекет бөлшек саудада Аи-92/93 маркалы бензиннің бір литрінің шектік бағасы — 115 теңге, дизель отынының бір литрінің шектік бағасы — 107 теңге, Аи-80 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы 89 теңге деңгейінде белгіленген.

Жанармайдың үкімет белгілеген бағасы бұйрық жарияланған күннен, 10 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141210/330/330.html?id=26735026