Қазақстандық Шарипа Оразбаеваның «Бастау» («Источник») қысқаметражды фильмі биылғы 66-шы Канн фестивалінде көрсетілетін болды. Картина «Қысқа метр бұрышы» бағдарламасына енген.
«Бастау» — Сизиф туралы көне грек мифін негізге ала отырып түсірілген картина. Басты кейіпкер шөлдегі тіршілігі жоқ даланы суару үшін велосипедпен алыс жолды бағындыруы керек.
Фильмде басты рөлді Ерболат Тоғызақов сомдаған. Қысқаметражды жобаның режиссері Шарипа Оразбаева мен продюсері Мадияр Қасымов — Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссерлік курс түлектері.
66-шы Канн халықаралық кинофестивалі биыл 15-26 мамыр аралығында өтеді. Кинофорумда Николь Кидман, Энг Ли, Кристоф Вальц секілді кино мамандарынан құралған әділқазылар алқасын Стивен Спилбергбасқарады.
Дереккөз: express-k.kz
Фотосурет: time.kz