Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
– Ұлыстың ұлы күні – адамның келер күннен тілеу тілеп, өткенге есеп беретін, дұшпаны болса кешіріп, көңілдің кірін кетіріп, бір ағынан ақтарылатын күн ғой. Өткен жылға өкпеңіз жоқ па? – Өткен күн, ай, жыл – тарихтың еншісінде. Жыл санап еліміздің әлеуеті артып, экономикасы қуаттанып, жаңа белестерді бағындырып жатқаны, халқымыздың береке-бірлігі артып, ел тәуелсіздігін баянды ету жолында тұтаса, ынтымақпен еңбек етіп жатқаны – мақтан етуге тұрарлық жетістік. «Қазақтың нағыз Жаңа жылы – Наурыз!» деп Елбасы айтқандай, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында артта қалған жылға назар салсақ, өткен жыл – ел дамуының жаңа кезеңге өту жылы болғанын байқаймыз. Бірінші, өткен жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанның, Беларусь пен Ресейдің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды. Екінші, жылдың қорытындысы бойынша – ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен дүниежүзінің 50 елі қатарына ендік. Бұл – әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсаттың орындалғанын көрсетеді. Үшінші, өткен жылы «Халықтық IPO» бағдарламасын, нақтырақ айтқанда, «ҚазТрансОйл» компаниясының акцияларын құнды қағаздар нарығына шығару жүзеге асырыла бастады. Төртінші, тұңғыш рет Орталық Азия аймағында және ТМД елдері бойынша халықаралық «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Қазақстан пайдасына шешілді. Бұл көрме елімізге аса қажетті әрі тиімді жаңа технологияларды іске кірістіруге жол ашатын болады. Бесінші, құқықтық саладағы реформалар аясында тұңғыш рет барлық құқықтық құрылымдардың қызметкерлері түгелдей аттестаттаудан өтті. Алтыншы, Лондон Олимпиадасында біздің спортшыларымыз 205 ұлттық құрама арасынан 12-орын алып, жеңімпаз ірі державалар қатарынан көріндік. Міне, бүкіл аталған жетістіктер мен оң нәтижелердің бастауында Елбасы Н.Назарбаев тұрғанын халық жақсы біледі. Сондықтан 2012 жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні бүкіл ел болып және халықаралық деңгейде атап өтілгенін де жұртшылықтың жыл қуанышының бірі деп тануы заңды. – Республика халқының 43 пайызы ауылда тұратынын және олардың басым бөлігі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар екенін ескерсек, әңгімені қарапайым халықтың жанына жақынырақ жай, осы халықтың әкімдерді өздері сайлауы мәселесінен бастасақ. Шешім қабылданды, алайда қоғам, ұлттық сана бұған дайын ба? – Білуімше, ауыл әкімінің кандидатурасын аудан әкімі ұсынады. Халық мақұлдайды. Мәслихат бекітеді. Неге халық ұсынбайды лайықты кандидатты? Неге әкім? Бұл тамыр-таныстыққа, рушылдыққа, өзіне жағымды, айтқанынан шықпайтын адамды тартуға жол ашып жүрмей ме? – Ауыл әкімінің ең жанды жері – әкімнің өз бюджетінің жоқтығы еді. Әкімшілік аумағында тұратын кәсіпкерлерге қол жайып, іс бітіретін. Енді оларға ақша қайдан, қалай бөлінеді. Оның көлемін кім белгілейді? – Сайланған әкімге халықтың азаматтық бақылауы күшейеді. Егер қандай да бір түсініксіз ахуал қалыптаса қалса, сайлаушылар әкімнен есеп беруін өздері талап ете ала ма, болмаса мәслихатқа немесе құқық қорғау, әділет органдарына жүгінуге тиісті ме? – Қоғамның ең басты кеселдерінің бірі – танысы, туысы немесе руласының артынан жөңкіліп көшіп жүретін басқарудағы командалық тәсіл еді. Жаңа Стратегияда Елбасы кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндетін қойды. Бағытымыз дұрыс. Бірақ біздің елдің менталитеті белгілі ғой, ертең басқарушы элитаның шен-шекпенділердің тұқым-тұқияны арасынан іріктелуіне жол беріліп кетпейтініне кепіл бар ма? – Парламент депутаттары заңды қабылдағанда мемқызметкерді сұрыптау талаптары алғышарттарында білімі, заңды меңгеруі, іскерлігі, тәжірибесі әсіресе, тілді білуі мәселесін ескерді ме? – Әкім сайланды делік, енді ол тестке жақсы болғанымен істе шорқақ болса, оны кім және қандай критерийлер бойынша анықтайтын болады. Әлде қазіргі кейбір әкімдер сияқты мына облыстан алып тастаса, келесісіне әкім болып «оқшантайда» жүре бере ме? – «Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды» депті Қорқыт бабамыз. Десе де жемқорлық, сыбайластық, парақорлық қоғамның кеселіне айналғаны аз айтылып жатқан жоқ. Ішіп-жеп, қашып кететін әкімқаралар саны да азаймай тұр. Су жаңа әкімдердің ішіне жымқырма «аурулары» барлары мен бұрын қылмыстық топ құрғандар еніп кетпеуін кім тексереді? – Жақында Бас прокуратура Парламентте құқық қорғау саласына жолбикелердің өтіп кетпеуін тексеру үшін жалғандық детекторын, яғни, полиграфты пайдалану мәселесін көтерді. Сіздіңше полиграфты пайдалану қаншалықты заңды және қаншалықты тиімді болады? Биік лауазымды мемлекеттік қызметтердегі шенеуніктерді жемқорлықтан, басқа да арамза әрекеттерден арылту үшін осы құрылғыны пайдаланса, нәтиже берер ме еді? – Полиграфты құқық қорғау саласында қолдануға рұқсат етілді дейік. Оның нәтижесі іске бұлтартпас дәлел ретінде тіркеліп, сотта айғақ бола ала ма? – Кешегі қазақ даласының парламеті, соты, прокуроры – билері еді. Үш кемеңгер – Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханның ақылшысы, сүйеніші болды. Абылай ханның тұсында Байдалы мен Қарауыл Қанай, Ескелді мен Балпық, тағы да басқа билер, өз дәуірінде түйіні қиын, күрделі істердің әділ шешімін тауып, жердің тұтастығы мен ел тыныштығы үшін қайраткерлік қызмет атқарғанын білеміз. Бүгінгінің билері – құқық қорғау, әділет саласының басшылары сондай қайраткерлік деңгейде ме, тарихи кезеңде Елбасы төңірегіне топтаса, сүйеніш бола алды ма? – Қалтарыс-бұлтарысы сан қилы саясатта жүрген азаматтардың атаға нәлет келтірмей, адами қасиеттерін сақтап қалуы үшін не қажет деп ойлайсыз? – Наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Жаңа жыл. Осы жылда ел-жұртымыздың неден арылуын, нені жоғалтпауын тілер едіңіз? – Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан |
http://www.aikyn.kz