АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстандық ғалым Нобель медалін алды

Қазақстандық профессорға Нобель медалі табыс етілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалым ылғалды сұйық өнімнен алып тастаудың жаңа технологиясын ойлап тапқан. Ал ылғалды алу үшін роторлы жұқа қабықшалы үлдірлі вакумды аппарат ойлап тауыпты. Бүгінде бұл құрылғы Ресейде қолданысқа енген. Осы еңбегі үшін өнертапқышқа Мәскеудің Жаратылыстану ғылым академиясы Нобель медалін табыс етті. Бүгінде Жаратылыстану академиясының мүшесі болып отырған ғалым халықаралық ЭКСПО көрмесіне де өз үлесін қосуды мақсат етіп отыр.

«Сағымбек Әлтайұлы 40 жылдан бері ғылыми жаңалық ашып, өндіріске тың серпіліс әкелуде еңбектеніп келеді. Осы уақыт аралығында ғалым 25-тен астам жұмысына патент алып үлгерген. Әзірге өнертапқыш ғалымның құрылғылары елімізде қолданысқа ене қоймағанымен, Ресейде сәтті сұранысқа ие болып отыр.

Сағымбек Әлтайұлы, Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының докторы», — делінген таратылған ақпаратта.

«Менің еңбегім техника бағытындағы жұмыстар. Оның ішінде тағам биотехнологиясының өнімдерін қолдану. Күнбағыс майында фосфолипиттер көп болады. Сол фосфолипиттерді бөліп алу үшін рафинатталмаған өсімдік майына белгілі бір мөлшерде су қоссақ, оны фосфолипиттер өз бойына сіңіріп алады да, коагуляция үдірісі жүреді», — деді ғалым.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: maxpark.com

http://massaget.kz