Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандық сақшылар шекара бойынан сыйымдылығы 100 литр болатын бөшке тапты. Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қайрат» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Ашынал» арнасының маңайынан тапқан бөшкенің ішін ашып қарағанда, одан тарбаңдаған тасбақалар шыға келеді. Шекарашылар санап, оның 300 дана екендігін анықтаған. Бөшкенің мемлекеттік шекара сызығынан бар-жоғы 30 метр жерде жатқандығына қарағанда әлдекім осындай жолмен экзотикалық жәндіктерді елімізге өткізуге тырысқандығы анық. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары құлақдар етілді.
Источник: http://24.kz/kz/