Астана. 19 наурыз. Baq.kz Е-үкіметтің мобилді қосымшасының арқасында қазақстандықтар ұялы телефон арқылы мекен-жай анықтамасын алып, балалар бақшасына кезекке тұрып, коммуналдық қызмет ақысын төлей алады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшысы Руслан Еңсебаев.
«Қазақстандықтар бүгінде ұялы телефлнның көмегімен мекен-жай анықтамасын алып, балалар бақшасына кезекке тұрып, оның жылжуын бақылай алады», — деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшысы Руслан Еңсебаев таныстырылым барысында.
Бұдан басқа, мүлік салығын, өсімақы, айыппұл төлеудің, сондай-ақ дәрінің атауын енгізу арқылы тақау маңайдағы дәріхананы тауып алу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлды да төлеуге болады.
Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында коммуналдық қызмет ақысын төлеу қызметін пайдалана аласыздар. Ақы төлеу Viza, Mastercard-тың кез-келген карталары арқылы жүзеге асырылады.
Мобильдік @egovkz қосымшасын мына жерден жүктеп алуға болады: iOS үшін — App Store, Android үшін — Google Play.