Бүгін Ақмола облысында және Астанада желдің екпіні 20-25 м/с дейін күшеюіне байлансты дауылды ескерту жасалды. Бұл туралы AlmatyNews АА-нің тілшісі ҚР ІІМ ТЖ Комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, алдағы үш тәулікте фронтальді бөлімнің өтуі жауын-шашын тудыратын болады. Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, боран болады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде тұман түсіп, жауын жауады және жолдар көктайғақ болмақ. Оңтүстік-батыс желінің күшеюіне байланысты республика бойынша аяздың төмендеуіне әкеледі. Көптеген облыстарда түнде 0,-5°С, күндіз -3+3°С. Оңтүстік өңірлерде түнде 0,+5°С, күндіз +3+10°С көрсетеді.
Бүгін, 3 қарашада Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз сынап бағаны +5 градусты көрсетсе, түнде -5 градус нөлден төмен болады. Ертең, 4 қарашада күндіз ауа температурасы +6, түнде -5 градус болады. Бейсенбі күні синоптиктер күндіз +7 градус болса, түнде -3 градус суық болады деп божауда.