АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақтың генетикалық коды біртекті

434_51db588c8a2d0169d33df9dfa0453a09Астана. 1 шілде. Baq.kz-Бүгінде ғылым жақсы дамып кеткен,–дейді Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған.– Сондықтан Қазақстанның жаңа тарихын жазған кезде биология, медицина, география, генетика, т.б ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана білген жөн.

Ғалымдар Мысыр пирамидаларын зерттеген кезде Тутанхамон перғауынының өз ажалымен өлмегенін анықтаған. Көрмейсіздер ме?! Генетиктер осыдан 3-3,5 мың жыл бұрын өлген перғауыннның бас сүйегін зерттей келе, оның өз ажалымен өлім құшпағанын біліп отыр. Ғылымның мұндай жетістіктеріне таңдай қақпасқа шараң жоқ.
Бұл жерде мынаны айта кету керек: қайсы ұлттың өкілдерін алып қарасаң да 3-4, 5-6 типажы бар. Жеті өзбек тұрса, олардың бет әлпеті жеті түрлі болуы мүмкін. Қырық армянның түрі қырық түрлі болып шықса, таң қалмайсың. Ал, қазақтың генетикалық коды біртекті. Өзімізге ол байқалмауы мүмкін, бірақ шетелдіктер қазақтың біртекті екенін жазбай байқайды.
Мемлекеттік хатшы ұлттық тарихты жаңаша зерделеу керектігін айтқанда, міне осы мәселеге баса назар аударып, ғылымның жетістігін кеңінен пайдалануға тапсырма берген болатын.
Жазып алған Дәулетқали АСАУОВ 
http://www.baq.kz/kk/news/31520