АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚАЗАҚТЫҢ КАМЗОЛЫ – ҚЫТАЙ АРАҒЫНЫҢ СӘНІНЕ АЙНАЛДЫ

5681e75e0aeddScreenshot_1Қытай қазақтарын шулатқан бұл арақ жақында ғана сатылымға шыққан көрінеді. Естеріңізде болса, көршіміз осыдан бірнеше жыл бұрын домбыра пішінді «жынды су» шығарып та, қазақтың тамырын басып көрген. Иісі қазақ «ұлттық құндылығымызды қорлатпаймыз» деп қанша айқайласада, біздің билік мыңқ демеп еді… Енді міне аталарымыз бен әжелеріміздің сан ғасырлық көз майын тауысып, ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы – ою-өрнектерде әзәзіл арақтың сәніне айналды.

 Қазірге мемлекетқұршы қазақ ұлты болып табылатын Қазақстанның ресми билігі де, «стратегиялық әріптес», «тату көрші»  деп саналатын Қытай билігі де бұл бассыздыққа үн қатқан жоқ.  Тек қаймана қазақ намыстан жаралып бара жатыр… Егер мемлекет ретінде, ұлт ретінде өз құқығымызды талап ете алмасақ, Алты Алаштың рухын аяққа таптағанмен бірдей боламыз. Тіпті, алдағы уақытта «Төле би», «Қабанбай батыр», «Домалақ ана» деп аталатын арақ-шарапты қолында спирті бар кез келген адам, кез келген ел шығарып жатса таңғалмаңыз!

 

«Қамшы» сілтейді