Қалың қазақ қабырғаны қайыстырар ауыр қайғыға душар болды. Әдебиеттегі алыптар тобының ізін жалғастырған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев өмірден озды. Қазақ әдебиетіне «Үркер», «Елең-алаң» романдары секілді шоқтығы биік туындылар әкелген абыз тұлға саналы ғұмырында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты болды. Бірнеше орден-медальдермен марапатталған.
Источник: http://24.kz/kz/