АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Кенжебек жеке шықты


МузАРТ –тың бір тарланы Кенжебек Жанәбілов – топқа келмес бұрын да жеке ән орындап жүрген әнші. Ол өзінің дара жолын топпен қатар алып жүруді ұмыт қалдырмады.

Солайша бүгін оның 18 әннен тұратын «Сағыныш тамшылары» атты тұңғыш жеке ән-жинағы жарыққа шықты.
Осыған дейін Мейрамбек Бесбаев­тың «Аяулыма» және «Термелер» атты, сондай-ақ Сәкен Майғазиевтің былтыр шыққан «Бал әнім» ән жинағы «Мело­ман­ның» статистикасы бойынша ең көп сұранысқа ие әндер жинағы болып есептеліп келсе, енді, міне, музарттық­тар­­дың үшінші солисі де жеке ән-жинақ шығарып отыр. Бұл, әрине, Кенжебектің өзі үшін ғана емес, оның жеке даусын жақсы көретін тыңдар­маны үшін де жақсы жаңалық болғаны даусыз.

Айта кету керек, өткен жылғы саты­лым бойынша ең көп ән жинағы сұра­нысқа ие болған МузАРТ болса, екінші орында «Вальс королі» Шәмші Қалдая­қовтың әндері.  2006 жылы шыққан ән-жинақтың 1455 көшірмесі 2012 жылы сатылыпты. Бұдан кейінгі тізімде Асыл­бек Еңсеповтің «Адай», Қайрат Нұртас­тың «Өкініш», «Ауырмайды жүрек», «Дос-Мұқасанның» «Бізге-40 жыл» ән жинақтары тұр.

 

Беттің продюсері – Мәриям Әбсаттар

http://alashainasy.kz/