АЛТЫНОРДА
Новости

Кісі ұрған ауыл әкімі жұмыстан босатылды

загруженное (1)«Әйел адамды соққыға жыққан Қостанай облысы Жангелді ауданы Қалам-Қарасу ауылдық округінің әкімі Қанатбай Тұрмағанбетов қызметінен кетті» деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Шенеунік Жангелді ауданы әкімдігінің тәртіптік кеңесінің бұйрығымен «қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін» жұмыстан босатылған.

2013 жылы 31 қараша күні тәртіптік кеңес аудан әкіміне ауыл шенеунігіне сөгіс жариялау туралы кеңес берген еді. Алайда ауыл әкімінің ісі сотқа жеткеннен кейін тәртіптік кеңес мәселені қайта қараған. Қанатбай Тұрмағанбетовке сот «адам денсаулығына жеңіл зардап келтірді» деген айып тағып отыр.

Оқиға 2013 жылы қазан айында болған. Әйел Қалам-Қарасу ауылы әкімдігінің жанына орнатылған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілінген билбордты фотоға түсірген. Бұдан соң әкім әйелді кабинетіне шақырып, суретті не үшін түсіргенін сұрап, бірнеше рет ұрған. Эксперт қорытындысында жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зардап келгені жазылған. Әйелдің миы шайқалған, денесіне жарақат түскен.http://www.azattyq.org