[:kz]
Әр ата-ана кішкентай балаларды ұйықтатудың қиынға соғатынын біледі. Бұл іс сабырлық пен көп уақытты қажет ететіні анық. Тіпті сыбырдың өзі балақайларды оятып жіберуі мүмкін. Төрт айлық Джой Маридің анасын бұл тұрғыдан алғанда «батыл ана» деуге болады. Себебі Лаура Чой сәбиін тек ұйықтатып қана қоймай, түрлі киімдер кигізіп, суретке де түсіреді. Бұл керемет фотоларды Лаура өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялап, оқырмандарымен бөліседі. Айта кеткен жөн, қазір анасы мен қызының парақшасына 290 мыңнан аса адам тіркелген.
Источник 24.kz/
Фото: fullpicture.ru
[:]