Аумақтық штабтардың жетекшілері әртүрлі халықтардың арасындағы бейбітшілік пен келісімдікті қамтамасыз ететін жалпы адамдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.
Интернационализм барлық мемлекеттердің ілгері дамуы мен өркендеуінің негізі ретінде аталды. Халықтардың достастығы мен ізгілік мақсаттарының біртұтастығы өркендеудің нақты бағыты болып келеді. Және бұл, кандидаттың сенімді тұлғаларының айтуынша бұқара қауымы тарапынан түсінушілікке ие.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар, шыдамдылық пен үлкендерді құрметтеу біздің халықтың мәдени негіздері болып келген. Оларды сақтау ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүріміз.
Осы адамгершілік бағыттар түсінікті және біздің ата-бабаларымыздан келе жатыр. Бұл жастардың дамуына, отбасы құруына және болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік беретін негіз болып табылады.
Біздің қоғамның осындай маңызды мәдени бекіністерін сақтау батыстың жағымсыз құндылықтарынан бас тартуды талап етеді.
Бұл жерде шыдамдылықтың жаңашылдық күшіне, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жоғары құндылықтарына назар аудару қажет.
«Біздің аймаққа Т.Сыздықов келіп, сайлаушылармен кездесулер өткізгеніне қарамастан, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін бірқатар іс-шараларын жалғастыруда», — деп мәлім етті Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшісі Байдаулетов Шыңғыс.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған.
Қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін.
Тұтынушылыққа құрылған бағдар жастардың бағытын өзгертеді. Осындай ықпалға тап болғандар не нәрсеге өз күшімен қол жеткізуден бас тартып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруді әдетке айналдырады.
Кандидаттың сенімді тұлғасы үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
«Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері.
Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.
Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклиптің немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайдылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», — дейді штаб мүшесі ҚКХП ұсынған кандитаттың бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.
Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», — деді Ш.Байдаулетов.
Батыс Қазақстан Облыстық комитет жетекшісі С.Ярлыгасымов мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».
«Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен Интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.
Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды», — деді ол.
Кандидаттың Батыс-Қазақстан облысындағы сенімді тұлғасы С.Ярлыгасымовтың айтуынша штабта 5 сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады. Атап айтқанда, партияның баспасөз өнімдерін таратып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылардың үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өзіміздің партиялық сайтымыз бен «Қазақстан коммунисті» деген газетіміз бар. Олардың көмегімен кез келген адам партия өмірімен кеңінен таныса алады», — деді сенімді тұлға.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172) 78-47-96
+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58
knpk2015@mail.ru, www.knpk.kz