Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.
Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді.
Кандидаттың сенімді тұлғалары тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған.
Сайлаушылар коммунистердің көзқарасы, өмірдің мазмұны және ережелері туралы хабардар болуда
Қарапайымдылық және еңбексүйгіштік, шашпалық пен ысырапшылыққа жол бермеу нағыз лениншілдерге тән қасиет.
Ұжымдық және бірегейлік партия құрылымының негізі. ҚКХП мүшесі дегеніміз тек өзінің қамын ойламай, жолдастарына көмекке келуге әзір болу, ұжымның мүддесін өзінікінен жоғары қою демек.
Коммунистік партияның мүшесі батыс қоғамының теріс ықпалына берілмеуі керек, қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін.
«Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде, — делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Бұл күні Қарағанды қаласында да батыстық өмір құндылықтары туралы сөз қозғалды.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», — деп атап өтті кездесу барысында сенімді тұлғалар.
Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.
Кандидаттың хабарлауынша, сананың классикалық әмбебап құндылықтары және әлеуметтік өмірдің шарттары жойылуда.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Өмірдің мәні материалдық мүдделерін қанағаттандыруға, ал барлық қоғамдық үрдістер бизнеске бағытталған.
Мықты моральдік негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандайда бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса, ондай елдің болашағы да жоқ.
Батыс мәдениетінің аясында тәрбиеленген адам өмірдің мәнін тұтынушылықтан іздейді.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамға нәресте шағынан сіңірілуі керек. Балалар тек пайдалы тағамдарды тұтынып, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек.
Адамдар зияткерлік, білімпаздықтарын жоюда және келешек ұрпақтарының және өздерінің денсаулықтарын құртуда. Жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылады.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172) 78-47-96
+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58
knpk2015@mail.ru, www.knpk.kz