АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Көбейгеніміз – елге құт

«Көп қорқытады, терең батырады» дейді халық даналығы.
Көптің аты – көп. Көп – айбар, сес.
Қазақтың жері кең байтақ. Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның аяғы талатын көлемді аумақты мекендеп отырмыз. Біздің жерімізге дос сүйсінеді, дұшпан күйінеді.
Бір әттеген-айы санымыз аз. Бізге көбею керек. Қатарымыздың әлдеқайда молайғаны құт.

Республика Статистика агент­тігінің төрағасы Әлихан Смайылов таяуда брифинг өткізіп, жыл сайын халық санының өсіп келе жатқанын тілге тиек еткенде қуанып-ақ қалдық.
Агенттіктің берген мәліметіне сенсек, 2012 жылдың 1-қаңтарында халықтың жалпы саны 16911,9 мың болған. Оның ішінде қалалықтар 9264,9 мың (54,8 пайыз) адамды құраса, ауылда тұратындар саны 7647 мың адам (45,2 пайыз) болған. Қаңтар-желтоқсан айларында халық саны 236,5 мыңға өскен.
2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында АХАТ орындары 379,1 (372,2) мың нәресте тіркеген. Бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 пайызға артық. Сонымен қатар 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 164,7 (16,5) мың неке тіркелген. Бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырғанда 2,6 пайызға артқанын көр­сетіп отыр. Бірақ өкінішке орай, 48,5 (44,9) мыңы ажырасып, ол көрсеткіш 8 пайызға көбейгені анықталды.
«Көбей, қазақ!» дегіміз келеді. Жалпы, тұтас Қазақстан халқының кө­бейгені жақсы. Бұл мемлекеттің мы­­ғымдылығын, халқымыздың күш-жі­герінің кемерінен асып тұрғандығын аңғартар еді.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

http://anatili.kz