АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қоғамдық бірлестіктер жолдауды қолдайды

009-3Елбасының биылғы жолдауын мемлекеттік емес ұйымдар да қолдап отыр. «Әділеттілікті қорғайық» қоғамдық бірлестігі «Жолдау — ел болашағының айқын кепілі» ұранымен жиын өткізді. Жолдауды қолдау шарасына зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар бірлестіктің тындырымды тірліктерін қорытындылап, жолдауды қарапайым халыққа түсіндіру жоспарын құрды.

 

«Әділеттілікті қорғайық» қоғамдық бірлестігі Елбасының биылғы жолдауын қолдауға шақырады. Бас құжат елдің әл-ауқатын көтеруге арналғандықтан, ел болып жүзеге асыру қажет деп ойлайды. Айта өтейік, әлеуеттің әлеуметтік жағдайын шешуге атсалысып жүрген ұйым осыдан алты ай бұрын құрылған. Өздерін әділдіктің жолында құрбан ететін мүшелері кез келген жанның мәселесін заң төңірегінде шешіп береді. Құқығын қорғауды үйретеді. Бұл — қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты.

Алты айда атқарған ауқымды тірліктерін талдап, болашаққа жоспар құрған белсенділер жолдауды жүзеге асыру үшін өз ұсыныстар ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында жастардың білім алып, олардың жағдайын көтеру мәселесі де талқыланды.

Жиынды қорытқан «Әділеттілікті қорғайық» бірлестігінің төрайымы Бағила Жасатайқызы түрлі түйткілдерге соқтыққан азаматтарға қашан да сауатты кеңес беруге әзір екендерін жеткізді. Әрі қоғамдық бірлестіктің өмірімен біте қайнасып, белсенді еңбек еткендерді елеп, арнайы марапаттады.

Гүлжан Байназарова