Табиғат жанашырларының сөзіне қарағанда, көгершін етін тағам ретінде пайдалану олардың біртіндеп жойылып кетуіне жол ашады. Mastrchef телевизиялық байқауына қазы ретінде қатысқан Кракко хабар барысында көрермендерге арнап көгершін етінен ас әзірлеген. Бұл көрініс Қоршаған орта мен хайуанаттарды қорғау институтының мамандарына, әсіресе мекеме басшысы Лоренцо Крочеге тіпті ұнамапты. Сондықтан олар аспазшыны заңды бұзды деп отыр.
Сайтта жарияланған мәлімдемеде атақты аспазшының қызметіне шүбә келтірмеген ғалымдар бейкүнә құстардың етінен тағам әзірлеу Еуропа елдерінің заңына қайшы келетіндігін айтады. Сол себепті болған жағдайды жабайы аңшылық қатарына қосқан. Ал Кракко хабар барысында әзірленген құс еті арнайы фермада өсірілгенін жеткізді. Қазір істің ақ-қарасы анықталып жатыр. Егер Кракко кінәлі болса, тосын оқиға соңы қалай аяқталары белгісіз.