Еліміздің ірі қалаларында көлік тұрағы — күрделі мәселе. Өйткені арнай автотұрақтар тапшы. Сондықтан көлік иелері темір тұлпарларын жол жиегіне, күн астында қалдыруға мәжбір. Ұры қарыдан сақтану үшін терезені тұмшалап жауып кетпесе тағы болмайды. Яғни, көлік күн ұзақ күн астында тұрады. Ал ондай кезде көлік салонында улы газ пайда болатынын бәрі біле бермейді.
Мамандардың айтуынша, көлігіңіз күн ұзаққа көлеңке жерде терезесі жабық тұрса, онда салондағы улы зат-бензолдың мөлшері 400-800 мг болады екен. Ал күн астынды тұрған көлікте ол – 2000-4000 мг құрайтын көрінеді. Яғни бұл белгіленген мөлшерден 40 есе артық деген сөз.
Бензол – бауыр мен бүйрекке және өзге де ішкі ағзаларға аса зиянды. Ең бастысы адам ағзасын бензолдан тазарту қиын. Автомобиль өндірушілер көлік кондиционерін қоспас бұрын, екі минут терезені ашып тастау керектігін ескертеді. Алайда, неліктен ашып тастау керектігін ашып айтпайды. Өйткені, мамандардың айтуынша, көлік кондиционері суық ауа шығармас бұрын, күннің әсерінен пластиктерден бөлініп шыққан улы газды көлік салонынына таратады. Ал адам ол улы газды бірден сезбейді.
Дәрігерлер не дейді?
Дәрігерлердің айтуынша бензолдың адам ағзасына аса зиянды. Оның көп мөлшерде адам ағзасына түсуі қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан күн ұзаққа күн астында тұрған көлікке отырғанда екі-үш минут терезені ашып тастау керек. Кондиционерді бірден қосуға болмайды. Көлік жүріп, салондағы ауа тазарған соң ғана кондиционерді қосқан абзал.
Алаш айнасы