![]() 2008 жылы алғаш рет ұйымдастырылған акцияға ұлттық парк аумағындағы жеті орта мектеп пен осы аймақтағы алты ауылдың тұрғындары мен қоғамдық ұйымдар және Көлсай аумағында жұмыс жасайтын туристік ұйымдар тартылып, шеру жеңімпаздары Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің құрмет грамоталарымен қатар, бағалы сыйлықтарға ие болған-ды. Ал 2009 жылы дәл осы «Көлсай көлдері» ұлттық паркі «Саябақтар шеруі» іс-шарасы аясында «Құстар күні», «Жасыл желек», «Таза бұлақ» және «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» деп аталатын акциялар өткізді. – Жылдағы дәстүр бойынша биыл да «Саябақтар шеруі» 22 наурызда басталып, 23 мамырда Райымбек ауданының Саты ауылындағы мәдениет үйінде қорытындыланды. Акция кезінде жыл сайын аймақта 20 гектар алқапқа 115 мың түп жас тал-дарақ егіледі. Биыл да солай болды. Бұл ағаштар бес жыл бойы күтімге алынып, содан соң «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің орман қорына өткізіледі. Биыл да жылдағы дәстүр бойынша бұл іс-шараға аумақтағы 8 мектептен 800-ден астам оқушымен қатар, 1000-ға жуық ауыл тұрғындары қатысты. Акция аясында «Орман – отан байлығы», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Таза су – денсаулық кепілі», «Бір тал кессең, он тал ек» тәрізді іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары да, ауыл тұрғындары да марапатсыз қалмады. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының кішісі де үлкендері де туған табиғатты аялап, қорғап ғана қоймай, оның тозбауы үшін үлкен істер атқарылуы қажеттігін жан-жақты түйсінді. Бұл біздің ұлттық парк жыл сайын ұйымдастырып отырған «Саябақтар шеруі –2013» іс-шарасының басты қағидасы болып табылады, – дейді «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты Хамит Ахметов. Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ Айкын газетiнен алынды |
Предыдущий