Колумбия полициясы бір тоннадан астам кокайн өнімдерін тәркіледі. Қорапқа салынған есірткі саудаға шығару үшін тасымалға дайын тұрған. Оның қара базардағы құны ондаған миллион доллардан асады. Айта кеткен жөн, Колумбия заңсыз препараттар шығаруда алдына қара салмаған елдер қатарында. Мұнда жылына 400 тоннаға дейін кокаин өнімдері шығарылады.
Источник: http://24.kz/kz