АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Көмек қолын созсаңыздар екен

foto_komek1998 жылы туған өндiрдей бозбаланың қоларбаға таңылып қалуы… Құдай мұны ешкiмнiң басына бермесiн!

Балабақшадан бастап ән конкурстарына қатыса бас­таған дарынды әншi, “Тараз жұлдыздары” және Алматыда өткен “Жарқын болашақ” атты өнер додаларының бас жүлдесiн жеңiп алған Асылов Жұмахан Үсенұлы 2013 жылы күллi түркi әлемiне танылды. Түркия астанасы Анкарада өткен “Тiл және мәдениет” фестивалiне 144 мемлекеттен келген әншiлер қатысқан едi. Жұмахан осы әншiлердiң арасынан оқ бойы озып, фестивальдiң алтын медалiне ие болды. Жас әншiнiң өнерiне риза болған Түркияның президентi Абдолла Гүллдiң Жұмаханды жеке қабылдауына шақырып, алтын сағат сыйлайтыны да осы кез.
Ән қайдан шығады? Алла дауыс берген, дауысына орай дарын берген адамнан шығады. Құлаққа аса жағымды дауысы бар дарынды баламыздың оқыста биiктен құлап, жұлынын зақымдап алуы анасы ретiнде, әсiресе, маған аса қатты батып жүр. Өзiнiң бұрынғы бейнетаспаларына қарап, екi көзi мөлт-мөлт етiп, қоларбаға таңулы күйде отырған Жұмаханды көргенде, жүрегiме әлдекiм жуалдыз сұғып алғандай болады…
Қадiрлi ағайындар, “көп түкiрсе – көл” дейдi ғой, Жұмаханды шетелдерде емдетуге және қатарға қосуға әбден болады екен. Тек қаржыдан тапшылық көрiп отырмыз. Жәрдем қолдарыңызды созады деген үмiтпен әрi Жұмаханның анасы ретiнде “Қазкоммерцбанктегi” есепшотымды көрсетiп отырмын:
Есимбекова Ализа Туралбайкызы
ИИН 710927401904 Счет: KZ8292615013AV348000
Хабарласам деген жанашыр адамдарға ұялы телефонымды ұсынамын: 87029941008
Әлиза Тұралбайқызы,
Тараз қаласы.
http://zhasalash.kz/