Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы қаласы әуежайының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламентінің баспасөз қызметі.
Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Катар мемлекетінің жоғары басшылығы: әмір Хамад бен Халифа әл-Тани, Премьер-министр және Сыртқы істер министрі Хамад бин Жасем бен Жабер әл-Тани, тақ мұрагері Тамим бен Хамад әл-Тани қаза болғандардың отбасылары мен барша қазақстандықтарға көңіл айтып, терең күйзеліс сезімдерін білдірді.
Бұған қоса, көңіл айту жеделхаттарын шетелдердің мемлекет қайраткерлері мен азаматтары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың басшылары жолдады.
Егемендi Казакстан газетiнен алынды