АЛТЫНОРДА
Новости

Көңіл күйді қалай көтеруге болады?

АСТАНА. 11 ақпан. BAQ.KZ – Ақуыздар мен майлар көңіл күйін көтереді. Британдық мамандардың айтуына қарағанда, адамның көңіл күйі тамақтануға тікелей байланысты болып келеді екен.

Зерттеу барысында олар көңіл күйді көтеретін, сондай-ақ күйзелісті жеңілдететін тағам түрлерін анықтады. Ғалымдар анықтағандай, күйзеліс пен өмірге деген құлшыныстың төмендеуі аминқышқылдарының азаюына тікелей байланысты. Ал бұндай жағдаймен күресуге ақуызға бай тағамдар: ет, балық, жаңғақтар мен қырыққабат көмектеседі.

Көңіл күйді көтеруге септігін тигізетін тағы бір элемент ол — В дәрумендер тобы. Бұл дәрумендер көбінесе бананда, авокадо мен дәнді дақылдарда кездесетін көрінеді, деп жазады rosbalt.ru.

 

http://baq.kz/kk/news/43405