«Италиялық ғалымдар адамның көңіл күйін көтеретін тағамдардың рейтингін жасады» деп хабарлайды Segodnya.ua. Алғашқы орынға фри картобы шығып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, фри адамды босаңсу мен демалу сезімдеріне бөлейді. Адамзатқа қуаныш сыйлайтын өнімдердің екінші орны торт, тәтті тоқаш, сүтті шоколад пен басқа да кондитерлік тағамдарға берілді. Бұл өнімдер қан құрамында серотонин биологиялық белсенді затын көбейтеді, серотонин «бақыт гормоны» деп те аталады. Көңіл күйді көтеретін тағамдардың үшінші орнында – уылдырық. Бұдан кейінгі орындарды ірімшік, ет, құс еті, сүт, жаңғақ және басқалары иеленіпті. Ғалым Лука Пассамонтидің айтуынша, бұл өнімдердің адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлауының құпиясы – құрамындағы триптофан аминқышқылының әсері.