Қазақстан халқы осыдан 18 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа қадам жасап, жаңа Конституцияны қабылдады.
«Қазақстан Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Ол біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүддесіне қызмет ететін мемлекет туралы, бүкіл әлемге белгілі әрі құрметтелетін тәуелсіз ел туралы армандарының осы заманғы құқықтық түсініктерін бейнеледі», – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқан еді.
Қазақстан халқы осыдан 18 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа қадам жасап, жаңа Конституцияны қабылдады. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды.Бұл оқиға халқымыз үшін үлкен қуанышты жағдай болды. Өйткені, Кеңес Одағының құрамында біздің Республикамыздың Конституциясы Одақтық Конституцияның сарынымен жасалып, сол арқылы жұмыс істейтін… Қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды.
Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескерту айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылу және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету принциптерін белгілейді. Онда адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі peтіндегі адам мен азаматтың бүкіл халықтың мәртебесі баянды етіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
Конституцияның ең бірінші ерекшелігі – мемлекет басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруы еді. Яғни, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін өз алдына бөлек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері және жауапкершілігін белгілеп берген Конституция болды. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Осы Атазаңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік. Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәтижесінде аз ғана уақыттың ішінде тұғыры берік, туы биік мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік.
Конституция біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды. Елбасымыз айтып өткендей, Атазаң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.
Әсел Байқұтты, Қарасай аудандық Әділет басқармасының іс жүргізушісі
Айкын