
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мас жолаушының қайтадан автобусқа кіруге бет алуы сол екен, жүргізушінің жүйкесі одан әрі сыр беріп, жәбірленушіні қайтадан ұрып-соғып, тепкілеп тастайды.
Осылайша, аялдамадан жүріп кеткен автобусқа таяқтың астында қалған жолаушы бөтелке лақтырып, қоғамдық көліктегі жолаушылар өміріне қауып төнеді.
Ал жүргізуші дереу автобусты тоқтатқан кезде соңынан бөтелке ұстап жүгірген мас жолаушыны басып кеткен. Бүгінде жәбірленушіге шұғыл ота жасалды. Науқастың жағдайы ауыр.
Ал автобус жүргізушісі болса, мас жолаушыларды салонға отырғызбауға құқы бары екенін айтып, ақталуда.
Мұндай сорақылыққа куә болған жолаушылар жүргізушіні жазасыз қалдырмау керектігін айтуда.