Ажал алдында айтылған сөз – адам өмірінің түйіні іспетті. Өмірден кетерін сезіп жатқан адамға ол сөз үлкен күшпен келеді. Ләм деуге шамасы келмей, жанарымен ғана бірдеңе ұқтырғандай болып, өмірден өтіп кеткендер қаншама?..
Тарихта қалған тұлғалардың өлер алдындағы сөздерін ұсынамыз.
Сазгер Эдвард Григ: «Қайтеміз, егер қашып құтыла алмасақ…».
Атақты натуралист Ласепед ұлына былай депті: «Шарль, үлкен әріптермен жазбамның соңына «СОҢЫ» деген сөзді жазшы».
Физик Гей-Люссак: «Осындай қызықты сәтте кеткен өкінішті».
Жазушы Гертруда Стайн: «Қандай сұрақ? Қандай сұрақ? Егер сұрақ жоқ болса, жауап та жоқ».
Виктор Гюго: «Мен қара жарық көріп тұрмын…».
Жазушы Юджин О`Нил: «Білгем! Білгем! Қонақ үйде тудым… Қарғыс атқыр! Қонақ үйде өліп барам».
Джордж Байрон: «Мен ұйқыға кеттім».
Диалектика атасы Фридрих Гегель: «Өмір бойы бір ғана адам мені түсінген еді. Ал шын мәнінде… Ол да мені түсінбеген!».
Рим папасы Александр VI: «Бір минут күтіңізші».
Бальзак өліп бара жатып, бір әңгімесінің кейіпкері Бианшон дәрігерді есіне алып: «Ол мені құтқарар еді» депті.
Петр Ильич Чайковский: «Үміт! Үміт! Үміт! Қарғыс атқыр!».
Философ Иммануил Кант: «Жеткілікті».
Сомерсет Моэм: «Өлу – іш пыстыратын нәрсе. Ешқашан бұл іспен айналыспаңыздар!».
Генрих Гейне: «Құдай мені кешіреді! Бұл оның жұмысы».
Оскар Уайльд қонақ үйде жатып, талғамсыз ілінген түсқағазға қарап: «Олар мені өлтіріп барады. Екеуміздің біреуімізге кету керек» депті.
Уинстон Черчилль: «Бәрінен қатты шаршадым».
Джеймс Джойс: «Мені түсіне алатын тірі жан бар ма?».
Ағылшын режисері Ноэль Хауард: «Қайырлы түн, қымбаттыларым! Ертең көрісерміз».
Салтыков-Щедрин: «Бұл сен бе, ақымақ қыз?».
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: rewalls.com