Украинаға жол тартты.
Сапар барысында Қазақстан Үкіметі басшысының Украина Президенті Виктор Януковичпен, сондай-ақ Премьер-Министр Николай Азаровпен кездесулері жоспарланған.
Сондай-ақ сапар аясында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Олардың арасындағы негізгісі — 2013-2014 жылдарға арналған «Қазақстан-Украина» бірлескен іс-әрекет Жоспары болмақ.
Сонымен қатар Қазақстан делегация Ұлы Отан соғысының мұражайында болуды көздеп отыр. Тараптар белгісіз солдаттың қабіріне және ашаршылық құрбандарының Ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Киев-Печерск лавра» шіркеуінде болады.