АЛТЫНОРДА
Новости

Кравчук: Украина азамат соғысы алдында тұр

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук парламентте сөйлеген сөзінде елді «азамат соғысының алдында тұр» деп, депутаттарды «бар жауапкершілікпен қимылдауға» шақырды. Совет одағы ыдырағаннан кейінгі Украинаның алғашқы президенті болған Кравчук мәлімдемесін парламент отырысы басталар тұста жасады.

Кравчуктің мәлімдемесінен кейін парламент үзіліс жариялады. Парламенттегі оппозициялық депутаттар мен президент Виктор Януковичтің  «Аймақтар партиясының» депутаттары ымыраға келу мәселесін талқылап жатыр.

«Аймақтар партиясы» шерушілер алаңдар мен көшелердегі наразылық акцияларын тоқтатып, басып алған үкімет ғимараттарын босатса, тұтқындалған шерушілерге рақымшылық жасауды ұсынған. Бірақ оппозиция биліктің шеру кезінде ұсталған шерушілерді ешқандай шартсыз босатуын талап етеді.

28 қаңтарда Украина премьер-министрі Николай Азаров жаппай халық толқуларынан соң отставкаға кеткен еді.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140129/330/330.html?id=25246419