АЛТЫНОРДА
Новости

Кремльді сынаған актер өлі күйінде табылды

Ресейлік танымал актер, Кремльдің саясатын сынаушы 49 жастағы Алексей Девотченконың өлі денесі қарашаның 5-і күні Мәскеудің солтүстігіндегі жалдап тұрып жатқан пәтерінен табылған.

Құқық қорғау орындары әуелі ресейлік ақпарат құралдарына «актердің өлімінде қылмыстық белгі бар» екенін айтқан. Кейінгі ақпараттарда полиция Девотченконың «жүрек талмасынан көз жұмған болуы мүмкін екенін» және «қайтыс болар алдында ішімдік ішкені анықталғанын» хабарлаған.

Театр және кино актері Алексей Девотченко үкіметке қарсы акцияларда сөйлеп, Ресейдің Украинадағы саясатын сынап жүрген. Ол 2010 жылы сол кездегі премьер-министр Владимир Путинді отставкаға кетуге шақырған петицияға қол қойған.

2011 жылы Девотченко екі рет алған мемлекеттік сыйлықтан және «Еңбек сіңірген артист» атағынан бас тартатынын мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141106/330/330.html?id=26677289