Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының нарығы 5,5 трлн. теңгенi құрайды. Оның 29 пайызы азық-түлiк тауарлары. Қалғаны бұл санатқа жатпайтын сауда-саттыққа тиесiлi.
Азық-түлiк тауарларының өндiрiсi мен тұтыну көлемi айқын. Сарапшылар ай қарап отырған жоқ. Облыстағы әрбір аудан мен қалаларда тамақ өнеркәсiбi саласында жұмыс жүргiзілуге тиісті жобалардың тiзбесi де жасалған. Тамақ өнеркәсiбi саласын дамыту бағытында әзiрленген бұл жобаларда әрбір аймақтың табиғи-климаттық ерекшелiктерi мен қажеттi шикiзат өндiру мүмкiндiктерi ескерiлген. Осы iс-шаралар жоспарына сәйкес облыста 215 жобаны iске асыру жоспарланып отыр. Әрбір ауданда 15 жобадан қолға алынбақшы. Алдын-ала жасалған болжамдарға сәйкес осы кәсiпорындарда 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақшы. Жобалар тамақ өнеркәсiбiмен қатар құрылыс өнiмдерiн де өндiруге бағытталған.
Жақында облыс әкімі Асқар Мырзахметов тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіруді арттыруға бағытталған алқалы жиын өткізді. Талдау нәтижелерi көп нәрсені аңғартты. Басты мiндет – импорттық тәуелдiлiктен арылу екені назарға алынды. Азық-түлiк тауарларын өндiруде отандық кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын арттыру керектігі айтылды. Шығарылатын тауарлардың ассортиментiн айқындау және дайын өнiмдi сату нарығын белгiлеу жолдары талданды.
Сүт, ет өңдеу кәсiпорындарының жұмысын жетiлдiру керек. Бұл бағытта дұрыс логистика жүйесiн қалыптастыру маңызды.
Оңтүстiк Қазақстан облысы елiмiздегi аграрлық шаруашылығы өркендеген өңiрлердiң бiрi. Осы орайда облыс әкiмi iшкi нарықты ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен жыл бойы қамтудың өзектi мiндет екендiгiне тоқталды.
-Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды заманауи талаптарға сәйкестендiрiп, өнiмдердi жыл бойы сақтауға және қажеттi логистиканы дамытуға жағдай жасау керек, — дедi Асқар Мырзахметов. Облыс басшысы тиісті органдарға ішкi нарықты қажеттi өнiмдермен жыл бойы қамтып отырған шаруаларға мемлекеттiк қолдау шараларын қарастыруды тапсырды.
Осы алқалы жиында тағы да бір мәселеге назар аударылды. Құдай қаласа, облыста ұлттық бренд ретiнде қақталған қауын өнiмiн шығаруды ұсынылды. Тиiстi мекемелерге осы бағытта тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жедел қолға алу жүктелді. Бұл бұрыннан шаруалар атқарып келе жатқан жұмыс. Ол ата-бабаларымыздан бері жалғасып келе жатқан шаруа. Енді бұл шаруаны ғылыми негізде ұйымдастырып, жайындалған өнімді сату мәселесін ұйымдастыру қажет. Қақаталған қауын мен қауынғұртты шет елдерге шығарып сататындай дәрежеге жеткізуді қолға алу қажет, деді облыс әкімі.