АЛТЫНОРДА
Новости

ҚҰДАЛАСЫП БОЛДЫҢ БА… ЖЕТІ АТАҒА ТОЛДЫҢ БА?

f4dc057dfdb94131a758e07c0b18544aДау өршіп барады. Екі жақта қасарысып қалған. Рулас қыз бен жігіт. Өз дегендерінен қайтар емес. 

«Жеті атаға толмай той болмайды»

Екі жақтың да ұсынысы тыңдалды, талқыланды енді міне, бір бәтуаға келмей қырқысып жатқаны. Қалыңдықпен күйеу жігіттің әке-шешесі о бастан бірін-бірі танысымен-ақ, бірігіп бір жаққа шыққан. Көзге сүйелідей болған екі жас та тығырыққа тіреліп, өз айтқандарынан бұрылар емес. Бұл жиынға екі жақтан да үлкен ақсақалдар кірісті. Әңгіме былай өрбиді. Үйленуге бел буған екі жас махаббат буымен мас болып жүріп, өз руларын сұрауды ұмытқан. Құдаласа келген үлкендері соңынан біліп сандарын соғуда еді. Аралары тоғыз атаға енді жеткен екі жас жеті атадан асқандарын айтып жатса, екі жақтың үкендері рудың бөлінбегенін, мәселенің басын қазірден ашып алмаса «басқа жастарға қандай үлгі тәрбие бермекпіз», деп келісімге келер емес. Ақыры соңғы нүкте қойылды. Екі жас өз дегендерін орындап қосылды. Бұл бір ғана мысал. Қарап отырсақ, жеті атаға дейін туыстық қатынастарын үзбей, жеті атаға жетпей қосылғандарды қатал жазалау қазақ елінде ғана бар. Ал қазірше жалпы бұл дәстүр қазаққа қайдан келген?

«Тұқым қуалаған ауруға ем жоқ» …

Ертеде Әз Жәнібек хан елге аты шыққан емші Ө.Тілеуқабылұлын шақырып алып: «Қандай дертке дауа жоқ» деп сұраған екен. Сонда емші «Тұқым қуалаған аураға ем жоқ» деп жауап қатқан екен. «Оның алдын алуға бола ма» дегенде емші: жеті атаға дейін қыз алыспау, депті» Міне, сол Әз Жәнібек ханның дәуірінен жеті атаға толмай қыз алысқандарды қатаң жазалау туралы заң қабылданған. Адамзат баласында қазақ ұлтынан басқа жұрттарда жеті атаға толмай қыз алыспау ұғымын кездестіреміз. Көршілес қырғыз елінде төрт атадан кейін қыз алысып құдаласып, құдандалы бола береді. Ал Еуропалық ақсүйектерден шыққан кароль тұқымдары болса өзара бір атадан туған немерелес ағайындарды үйлендіре берген, тұқымымыз қараға қор болмасын деп. Ал осы туыстас адамдардың қанынан жаратылған жандардың көбісі дауын синдромы гемофиля сынды жазылмас дертпен ауырғаны тарихтан мәлім. Қазіргі медицина дәлелдегендей жеті атаға толмай қыз алысу тұқым қулайтын, психоневрологиялық аурулардың тудыруына сеп болады екен. Мұны ертеден білген бабаларымыз ұрпақтың саулығын о бастан ойлаған.

 

«Жаңа ру керек пе, әлде жоқ па?…»

Қазіргі қазақ рулары жеті емес, он, он бес атадан асып барады. Бұрындары қазақ жұрты жеті атадан асқаннан кейіе жаңа ру болыстық, өз алдымызға ел болыстық деп боз биені шала отырып үлкен ақсақалдардың батасымен бәтуәсі арқылы жаңа ру шаңырақ көтеріп, кешегі оуластарынан қыз алысуды бастайтын. Сол дәстүр бүгінде қада, бірін-бірі танымай, білмей үйленген жастардың обалы кімге ? Жасыратыны жоқ, қазір барлық ру-тайпалардың ақсақалдары , ақсақалдар алқасы қор секілді ұйымдары бар. Алайда олар жыл сайын аталарына ас беріп, кесене тұрғызу, ескерткіш қойып, шежіре жинаумен ғана шектеліп жеті атадан кейін қыз алысу, әлде алыспау, жаңа руды бөлек шығару турасында жақ ашпауда. Қазір бір мақтанса, осынысымен мақтанатын. Бала балағынан ағып жатқан Африкаға қарамай, біздің сәбилерге неліктен құмар дейміз шетелдіктер. Ұлтымыздың тұтастығын сақтап тектіліктің бір ұшы осы қан тазалығы десек, жеті атадан асқан ру атлары туыстық қатынастарын үзбей жалғастыруы тиіс-ақ. Қазақтың руға бөлінуі сонау Түркіқыпшақ қағанаты бастау алады. Канлю, аргун тайпалары дербес ел дәрежесіне дейін жеткен. Түрлі шапқыншылықтар біріктіріп қазақ елін дүниеге әкелсе де тайпа, рулық қоғам жойылған жоқ. Бұның бір дәлелі кең-байтақ Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ұлы жүз қоныстанса, батыс аймақтарында кіші жүз, шығыста арғын, наймандар жайлаған. Осыған қарамастан, ертеде қазақ елі қалыңдықты ауыл төңірегінен емес, атқа отырып айлап, жылдап ел аралап кейде қырғыз асып кетіп жан-жарын әкеліп жататын.

Жастарымыз қателікке ұрынбас үшін не істеу керек, бүгіндері он, он бес атадан асып бара жатқан руларға жеке отау болып, жеке руға бөлінуін жоғарыдағы ру басылары ғана емес, өкімет тарапынан көңіл бөлінсе, жастарымыз үлгі болар еді-ау. Жаһанданып келе жатқан мына алмағайып заманда аталас туыс түгілі жақын немерелерді, араласуы сиреп барады. Сондай- ақ мектеп бағдарламасына осы текпен шежіреге қатысты сабақтар өткізілсе , құп болар ма еді?

Еуропаның ағайындарына үйлене беретін сорақы әдет-ғұрпы әзірге енбей тұрғанда бұл сауапты да жауапты іс болары сөзсіз. Тағы бір түйінді мәселе – қазақ ұғымында адам бойындағы физиологиялық және мінез-құлқы ерекшеліктері ата-әке жағынан беріледі деген сенім қалыптасқан. Ал шеше жағынан туған бөлелердің отау құрғанына аса мән берілмейді. Ресейде құрылған Тектология академиясында әке-шешенің қанынан берілетін генетикасы бердей рөл атқаратындығын алға тартуда. Демек, бұл дегеніміз ана да, әке де жеті атаға толтырып барып қыз алып, қыз беруді, келін алып, келін түсіруді меңзеп тұр демеске шара жоқ…

Аида ҚОЖАМБЕТОВА

http://www.aikyn.kz