АЛТЫНОРДА
Новости

Құрбан айт кезінде оқылатын сүрелер мен дұғалар

Нұрғиса Елеубеков (фото)Мен Құрбан айт намазында оқылатын сүрелер мен дұғаларды жаттап алғым келеді. Оларды қай жерден табуға болады? «Алаш айнасы»интернет басылымы оны жариялай ала ма?

Мелдехан, Тараз қаласы

Ол үшін сіз мына төмендегі сүрелер мен дұғаларды жаттап алуыңыз керек:

1.«Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук».

Аудармасы: «Ия Алла! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын. Мақтауға лайықсың. Сенің есімің Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары. Сенен өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ».

***

2.«Ағузу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмиллаһи рахмани рахим» деп, (Аудармасы: Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын, Рахман һәм Рахымды Алланың атымен бастаймын), Фатиха сүресі оқылады:

3.Фатиха сүресі:

Әлхәмду лиллаһи раббил-әләмин, ар-рахмани-р-рахим, мәлики йауми-д-дин, иякә нағбуду уа ияка нәстағин, иһдина-с-сирата-л-мустақим, сирата-л-ләзинә, әнғамта ғалейһим ғайрил-мағзуби, ғалейһим уа ла-з-заллин.

Аудармасы: Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейрімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыламыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!

***

4.«Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим» деп бір сүре оқылады. Мәселен Ыхлас сүресі:

Құл һуа аллаһу аһад, аллаһу-с-самад, ләм йалид уа ләм йулад уа ләм йакун лаһу куфуан ахад.

Аудармасы: Ол Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес.

***

5.Немесе басқа бір қысқа сүре, мәселен Асыр сүресі оқылады:

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

Уәл’аср, иннәл инсәәнә ләфи хуср, илләлләзинә әәмәну уа амилус-саалихати уа тауасау билхаққи уа тауаасау биссабр.

Аудармасы: Заманаға ант етемін. Бүкіл адам баласы зиянда. Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа.

***

6.«Әт-тахият» дұғасы:

Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ.

Аудармасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

***

7.Салли және Бәәрик дұғалары:

Аллаахуммә салли ьаләә Мұхаммәд. Уа ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә салләйтә ьаләә Ибраахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд.

Аллаахуммә бәәрик ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә бәәрәктә ьәләә Ибрахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд.

Аудармасы: «Я, Алла! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән.

Осы дұғадан кейін әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем беріледі. Сосын

Раббәнәә дұғасы оқылып, бет сипалады. Осымен Құрбан айт намазы толық оқылған болып есептеледі.

8.Рәббәнәә дұғасы:

…«Раббәнәә әәтинәә фиддуния хасәнәтәу уә филәхирәти хасәнәтәу уә қинәә ьазәәбән-нәәр»

Толығырақ: http://alashainasy.kz/kurban_ait/kurban-ayt-keznde-okyilatyin-sureler-men-dugalar-54683/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі