[:kz]
2016 жылдың 12 қыркүйегi – Құрбан айттың бiрiншi күнi!
Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын!
Құрметтi бауырлар!
Баршаңызды күллi мұсылман қауымы асыға күткен қасиеттi, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тiлеймiн.
Бәрiмiздi айтқа аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiрлер мен мақтаулар болсын!
Ислам дiнi сан ғасырдан берi елiмiздiң рухани тiрегi болып келедi. Халқымыз асыл дiнiмiздегi Жаратушы Иемiз белгiлеп берген екi мейрамның ұлығы, айтулы мереке – Құрбан айтқа айрықша дайындалып, көпшiлiкпен ерекше атап өтедi. Берекеге бастаған бұл мереке бiрлiк пен игiлiкке, мейiрiм мен кешiрiмге үндейдi.
Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетiн, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Бұл күндерi барша мұсылман құрбан шалумен ғана емес, Ұлы Аллаға ұнамды әрбiр iзгi амалы арқылы Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседi. Өйткенi, араб тiлiндегi “құрбан” сөзi “жақын болу”, “жақындау” деген ұғымдарды бiлдiредi.
Қасиеттi Құранда: “Ұмытпаңдар, олардың етi де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейдi. Оған жететiн нәрсе – жүректерiңiзге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерiң)” (“Хаж” сүресi, 37-аят), – деп баяндалған.
Айт күндерi қажылық парызын өтеп жатқан мұсылмандар да Жаратушыға жалбарына дұға жасап, құрбандық шалады. Қасиеттi Мекке қаласында елiмiздiң амандығы, халқымыздың бiрлiгi мен берекесiн тiлеп жатқан отандастырымыздың да дұғасы, қажылығы қабыл болғай!
Қаржылық мүмкiндiгi жоқ адамға құрбан шалу – мiндет емес. Құрбандық етi ағайын-туыс, көршi-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетiм мен жесiрлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады.
Құрбан айт күнi ерте тұрып, ғұсыл құйынып, айт намазына қатысу – пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (Оған Алланың салауаты мен сәлемi болсын) сүннетi.
Қадiрлi ағайын!
Барша жамағатты, елiмiздiң жанашыр азаматтарын мүбәрак мейрамның құрметi үшiн мүгедектерге, жетiмдер мен жесiрлерге, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасауға шақырамын.
Алла тағала дұға-тiлектерiмiз бен сауапты iстерiмiздi және шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей! Әмин!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти
[:]